Астанада көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт 53% артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт 53% артқан

11.07.2024

Астанада көп қабатты тұрғын үйлерде болатын өрт 53 пайызға артқан. Айналасы 7 айдың өзінде 60-ы тіркелген. Қызыл жалынға қатысты оқыс оқиғаның бірі түнде болды. Құтқарушылар үйі отқа оранып, 7-ші қабаттың терезесінен далаға секірмек болған әйелді құтқарып қалды. Өмірін қатерге тігіп, ерлікке барғандардың әрекетін оқиға орнына жиналған тұрғындар видеоға түсіріп алған.

Будақтаған қара түтіннің ортасында қалған әйел балконнан далаға шығып, төменге қарай түсуге мәжбүр болған. Сол сәтте 6-шы қабаттың терезесінен шыққан азаматтық қорғау аға сержанты Қадыр Өмірзақов оның аяғына жармасып, әріптестерімен бірге құтқарып қалады. Өртті сөндіруге ТЖД-нің 12 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Қазір екі құтқарушы ведомоствалық марапатқа ұсынылды.

Қала тұрғыны:

Өрт кезінде балконнан түсуге тура келді. Басқа амалым болмады. Екінші рет өмірге келгендеймін. Құтқарып қалған азаматтарға алғысым шексіз.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу