Ресейдің бағалы қағаздары елден шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің бағалы қағаздары елден шығарылады

11.07.2024

Ресейлік құнды қағаздар елімізден шығарылуы керек. Бағалы қағаздар орталық депозитарийі брокерлерден осыны сұрап отыр. Өйткені АҚШ Ресейдің Ұлттық депозитарийіне санкция салды. Соған еліміздің депозитарийі де ілініп кетпеуі үшін көрші елдің құнды қағаздарын шығару қажеттігін хабарлады. Ол үшін брокерлерге 10 тамызға дейін уақыт берілді. Санкция 13 тамызда күшіне енеді. Айта кетейік орталық депозитарийде 5 триллион 800 миллиард теңгеге тең ресейлік бағалы қағаздар бар.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу