Алименттен жалтарғандардың құмар ойынға тігетін бәсі тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алименттен жалтарғандардың құмар ойынға тігетін бәсі тексеріледі

01.04.2024

Енді алимент төлемейтіндердің құмар ойынға тігетін ставкалары да тексеріледі. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Себебі, былтырдың өзінде борышкерлердің қарызы 20 млрд теңгегеден асқан. Ал алименттен жалтарған 7 мыңға жуық адам жазаланды.

Талғат Уәли, ҚР әділет министрлігінің ресми өкілі: 

Алимент төлемей жүргендердің жаңа кіріс көздерін анықтауда жаңа тәсілдер қолдана бастадық және олар тиімді екенін көрсетті. Енді алимент бойынша қарызы бар адамдардың электрондық әмияндары, букмекерлік компаниялардағы шоттары, биржалық саудадағы бағалы қағаздары, криптовалюталық операциялары, дропшипинг, желілік маркетинг, такси қызметтерінен түсетін пайдасы сияқты кірістері тексеріледі.


Хабарламаларға жазылу