Баланың бақытты мекені – отбасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баланың бақытты мекені – отбасы

11.07.2024

«Баланың бақытты мекені – отбасы». Астанада осындай атаумен Халықаралық форум өтті. «Ана үйі» қоғамдық қоры ұйымдастырған жиынға мемлекеттік органдар, бала асырап алушы отбасылар мен шетелдік меймандар қатысты. Бас қосқандар өзара тәжірибе алмасу, елімізде кәсіби қабылдаушы отбасылар институтын енгізу мәселелерін ортаға салды. Тағдыр тәлкегімен балалар үйіне түсетін сәбилердің санын азайту мақсатында жұмыс істеп келе жатқан қорға биыл 11 жыл толды. Осы уақыт аралығында 10 мыңға жуық бала жаңа обасын тапқан.

Джунлей Ли, профессор /АҚШ/:

Бала үшін ең жақсы орын отбасында екені рас. Ал отбасы үшін ең жақсы орын қоғамда. Біз қоғам ретінде балаларға қамқорлық жасайтын отбасыларды да қолдауымыз керек. Бұл тақырып өміріммен байланысты. Өйткені кішкентай кезімде менің де ата-анам қасымда болмады. Сондықтан әр баланың отбасы мейірімін, үйінің болуы маңызды деп санаймын. Қазақ жерінде алғаш рет болуым. Қазақстанның отбасы құндылығын бірінші орынға қоятыны қызықтырды.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу