Елге үлгі Ережеповтер отбасы ауылына оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге үлгі Ережеповтер отбасы ауылына оралды

20.09.2014
Елге үлгі Ережеповтер  отбасы  ауылына оралды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Жамбыл облысының намысын қорғап қайтқан Ережеповтерді Тараз жұртшылығы темір жол бекетінен күтіп алды. Отбасындағы береке, баланың ата-анаға деген құрметі, өзара сыйластық  - бақытты шаңырақтың басты негізі екендігін танытып қайтқан жерлестерін көпшілік жүлделерімен құттықтап, байқаудан алған әсерлері жайлы сұрап білді.

Күнделікті күйбең тірлікте бала тәрбиесі, үлкенді сыйлау, тату-тәтті күн кешу секілді отбасы құндылықтарын ұмытпай, дәріптеп отыратын Ережеповтерге облыс атынан ұлттық байқауда бақ сынау бұйырған.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу