Испанияда өгіздер шабысы фестивалі кезінде 7 адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда өгіздер шабысы фестивалі кезінде 7 адам жараланды

11.07.2024

Испанияда өгіздер шабысы фестивалі кезінде жеті адам жараланды. Олардың көбі қашып бара жатып құлағанда мертіккен. Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Жылдағы дәстүр бойынша, көне қала Памплонаның ұзындығы 800 метрлік тар көшесіне алты өгіз жіберілген. Ал олардың алдына түсіп ондаған адам жүгірді. Кейбірі шалынып, құлаған. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, 2 минут 13 секундқа созылған оқиғаны балкондардан бірталай адам тамашалапты.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу