Солтүстік Қазақстанда тасқын салдарынан құрылыс кешеуілдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда тасқын салдарынан құрылыс кешеуілдеді

11.07.2024

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Большая малышка ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктің құрылысы кешеуілдеді. Оған су тасқыны себеп. Тендерді ұтып алған құрылыс компаниясы жұмысты кестеге сай бастай алмаған. Бұл мәселе депутаттарымен кездесу барысында талқыланды. Халық қалаулылары табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындармен кездесті. Көпшілік үйлерді жөндеуге бөлінген қаражат жетпей жатқанына шағымданды. Елдімекенде 337 отбасы түтін түтетіп отыр. 321 үй су астында қалған. Жөндеуге жарамсыз деп танылған үйлердің иелеріне Қызылжар ауданының аумағынан және Петропавл қаласының «Бірлік» кентінде салынып жатқан жаңа үйлер ұсынылып отыр.

Еркебұлан Мәмбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Ауыдың ішіндегі 70 пайызы үйлері қамыстан жасалған. 66 үй апаттық жағдайда деп бағаланған. Қыс келіп қалғанда далада қалмай, суықта қалмай, жағдай болмауы үшін соны бақылауға алу керек.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу