Тағамдағы нитраттың көптігі балалардың өліміне әкеп соқтырған. Солтүстік Қазақстанда бір отбасының екі баласының неден қайтыс болғаны сараптамадан кейін белгілі болды. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бір ай бұрын Қызылжар ауданына қарасты Надежка ауылында тұратын отбасы кешке дүкеннен тұшпара мен шұжық сатып алып жеген. Түнде 3 жасар ұл, ал таңда 6 жастағы қыз бала көз жұмды. Анасы мен тағы бір бала ауруханада емделіп шықты. Сараптама қорытындысына сәйкес, тергеу жұмыстары әрі қарай жалғасуда.
Эльмира Кәленова