Атырауда су сору және тазарту станциялары реконструкцияланбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда су сору және тазарту станциялары реконструкцияланбақ

10.07.2024

Атырау қаласын сумен қамтамасыз етуде еш кедергі болмауы тиіс. Былтыр желтоқсан айында Жайықтың деңгейі төмендеп, құбырлар қатып, салдарынан кәсіпорын тазарту қондырғысына су беруді тоқтатқан еді. Енді бұл жағдайдың алдын-алу мақсатында бірқатар жобалар іске аспақ. Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов су арнасы жұмысшыларымен кездескенде осы мәселені кеңінен талқылады. Су сору және сүзгіден өткізу станцияларын қайта реконструкциялау үшін құны 10 млрд теңге болатын екі жоба қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қыркүйек айында бюджеттің жобасы келеді. Сол кезде біз келесі жылдың қаржыландыру мәселесін шешуге тырысамыз осы екі жоба бойынша. Сонда мына қаладағы және соның айналасындағы су тапшылығы мәселесі шешіледі деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу