Күн сайын Астана аумағын тазалауға 283 жұмысшы шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күн сайын Астана аумағын тазалауға 283 жұмысшы шығады

07.10.2014
Күн сайын Астана аумағын тазалауға 283 жұмысшы шығады

Елордада екі аптадан бері жаңбыр жауып тұр. «Астана тазалық» ЖШС (қаланы санитарлық тазарту) жұмысшылары күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп келеді.

Ұйым ауа райы жауын-шашынды болғанда көшелер мен аула аумақтарын тазалаумен қатар, жаяу жүргіншілер мен көліктің еш кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жиналып қалған суларды, шалшықтарды жоюмен айналысады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Кәсіпорынның хабарлауынша, бүгін Алматы ауданында су сору жұмыстарына  5, Сарыарқа ауданында  8, Есіл  ауданында 10 арнайы техника бағытталды, 30 жуық ұйым жұмыскері тартылды. Сонымен қатар, құдықтар мен нөсерлік кәріздерді тазарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарға күн сайын 37 адам қатысады.

Жалпы, күн сайын Астана аумағын тазалауға 283 адам шығады. Олар қаланың көркін келтіріп, қаланың тазалығын сақтау үшін еңбек етеді.

Хабарламаларға жазылу