Павлодарда ротавирустық инфекция жұқтырғандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда ротавирустық инфекция жұқтырғандар көбейді

10.07.2024

Павлодарда ротавирустық инфекция жылдам таралып жатыр. Дәрігерлердің мәліметіне қарағанда, ауруды жұқтырғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 9 есе өскен. Былтыр 9 адам ауырыпты. Ал биылғы жылдың алты айында ауырғандар саны 98-ге жетті. Ротавирус – асқазан арқылы ішек жолдарына таралатын инфекциялық ауру. Адамда бірден әлсіздік пайда болып, жүрегі айниды. Дене қызуы көтеріледі. Асқазанда ас тұрмайды. Көбіне балалар ауырады.

Кейінгі уақытта Павлодарда респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны артқан.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу