Ресейдің Омбы облысында инфекция жұқтырғандар төрт есе көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің Омбы облысында инфекция жұқтырғандар төрт есе көбейді

06.03.2023

Ресейдің Омбы облысында жетінші апта қатарынан коронавирус жұқтырғандардың саны артып барады. Індетке шалдыққандар 4 есе көбейген.

Индира Бегайдар, тілші:

Омбы облысында омикронның мутацияға ұшыраған түрі тіркелді. Вирус жылдам тарайтындықтан, науқас саны бірден артқан. Бір күнде 200-300 адамнан қауіпті инфекция анықталды. Сондықтан 1 наурыздан бастап вирусты алдын алу үшін шектеу шаралары қабылданды. Яғни бірқатар мекемелерде карантин жарияланса, қоғамдық орындарға маскасыз кіргізбейді.

Наталья Соболь, Омбы қаласының тұрғыны:

Коронавирус барлық әлемге тарап жатқандықтан, өте қорқынышты. Біз вакцина салдырдық. Иммунитет қалыптастырады деп үміттенеміз. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтап жүрміз.

Қазір Ресейдің 85 өңірінде вакцнация қайтадан қолға алынды. Екпе қабылдағандардан ревакцинация талап етілуде, яғни үшінші рет салуы тиіс. Ал коронавирус жұқтырғандарға арналған ауруханалар 90 пайызға толған. Сондықтан кей өңірлер қайтадан инфекцияның бар-жоғын анықтайтын ПТР тест талап етуі мүмкін.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу