Сарапшы: Онлайн казиноны ауыздықтау керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Онлайн казиноны ауыздықтау керек

08.07.2024

Лудоманияны ауыздықтайтын Заңда, онлайн казино мен букмекерлік кеңселердің жарнамасына максималды түрде шектеу қарастырылғаны дұрыс. Себебі, түрлі сайттар арқылы тіркелетін онлайн казиноларға тәуелділер саны көбейіп кетті. Тіпті, бұл дерт/ жасөспірімдер мен балаалрды да шарпып жатыр, дейді сарапшы Шынболат Пазыл.

Шынболат Пазыл, «Сәтті жұлдыз» ұлттық лотореясының ресми өкілі:

Егер біз қандай да бір онлайн казиноның сайтын, жарнамасын көрсек, міндетті түрде хаттама толтырып ресми хат жолдап отырдық. Ол сайттардың біреуін бұғаттасаң, бір сағаттан кейін дәл сондай 10 сайт қатар шығып отыратын. Енді бұдан былай онлайн казиноға кірген кезде міндетті түрде ақша салу керек, қой, бұдан былай банк тарапынан реттеліп, отырады, белгісіз сайттарға ақша аударуға болмайды.
Ал заң жобасын әзірлеуге қатысқан психолог Айдос Ибрагим бұл қабылданған құжат арқылы лудоманияны түбімен жоя аламыз, алайда оған уақыт керек деп отыр.

Айдос Ибрагим, психолог:

Әсіресе, бәс тігуге енді ниеттеніп жүрген азаматтар, заң шыққаннан кейін бұл ойынан айнуы мүмкін. Мұның өзі жетістік. Ал, әбден тәуелді болғандарға келер болсақ, бәріне уақыт керек болады. Алайда, қабылданған заң өз жемісін береді деп сеніммен айта аламын. 


Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу