Германиядағы чемпионат мәреге жақындады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиядағы чемпионат мәреге жақындады

06.07.2024

Германиядағы чемпионат мәреге жақындады. Тартыс қыза түсті. Жасыл алаңда спортшылар таласқа түссе, оның сыртында жанкүйерлер де жарысқа түскен. 

Шерхан Жамбылұлы, Тілші:

Біз шырайлы Штутгарт шаһарындамыз. Германияның оңтүстігі, автоөндірістің орталығы.

Шерхан Жамбылұлы, Тілші:

Тұтас қала алып стадион. Бұл Штугарт ұраны. Расында Баден Вюртемберг жерінің астанасы қазір футбол мерекесіне бөленіп жатыр. Қаланың әр бұрышына үлкен экрандар қойылды. Осылайша доп додасын барлық жерде тамашалауға мүмкіндік бар.

Шерхан Жамбылұлы, Тілші:

Иә, біз Испания құрамасы аялдаған қонақ үйді таптық. Оларды Испаниядан арнайы келген тәртіп сақшыларымен қатар ондаған жанкүйен қарауылдап тұр.

Шерхан Жамбылұлы, Тілші:

Иә, чемпионат матчатрының 85 пайызы өтті. Енді, ең маңызды әрі шешуші кездесулер қалды.

Шерхан Жамбылұлы, Тілші:

Ал, жергілікті фан-зона тарихи жер, қаланың орталық алаңында орналасқан. Жаңа сарай деп аталатын бұл ғимараттың негізі 18-ғасырдың аяғында қаланған. Ол кезінде вюртемборг герцогтары мен патшаларының сарайы болды.

Шерхан Жамбылұлы, Тілші:

Мұнда түрлі конкурстар ұйымдастырылған. Барлығы да футбол тақырыбында

Шерхан Жамбылұлы, Тілші:

Балақайлар да жасыл алаңда доп теуіп, ойнап жүр. Ал, мұнда онлайндағы мықтылар анықталып жатыр.

Шерхан Жамбылұлы, Тілші:

Иә, матч қарсаңындағы көңіл күй тамаша. Ансамбльдер қала көшелерін ән мен биге бөлеп жатыр.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу