Елімізде сейсмология саласын дамытудың алдағы 4 жылға арналған кешенді жоспары қабылданды. Құжат, сейсмологиялық бақылауды күшейтуге, жаңа цифрлық технологияларды енгізіп, кадр даярлауға негізделген. 15 сейсмикалық аудандастыру картасы әзірленеді.
Мұндай картамен жер сілкінісі ошақтарының 70%-ын болжауға болады. Бұдан бөлек, қабылданған құжат аясында 285 сейсмикалық станция орнату, 70 станцияны жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл сейсмоқауіпті өңірлерде апаттың алдын алуға мүмкіндік береді.
Аида Ахметбек