Қазақстан президенті мен Қытай төрағасының келіссөздерін сарапшылар да, жоғары бағалап жатыр. Жалпы Си Цзиньпинннің сапарынан не күтеміз? Қос мемлекеттің байланысы алдағы уақытта қалай өрілуі мүмкін? Тікелей байланысқа шыққан экономист-сарапшы Айбар Олжайдан сұрап білейік. Кеш жарық, Айбар мырза. Бірден сұраққа көшейін. Қытайдан бізге керегі инвестиция мен инновация екені түсінікті. Ал шығыстағы көршіміздің Қазақстанда қандай мүддесі бар?