«Алматы-Термез» автожолының бойы тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы-Термез» автожолының бойы тазартылды

02.07.2024

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында Табиғат жанашырлары республикалық маңызы бар «Алматы - Термез» автожолының бойын күл-қоқыстан тазартты. Бұдан бөлек, аудан орталығы 21 секторға бөлініп, 223 ішкі көше тазаланды. Балалардың ойын алаңдары ретке келтіріліп, 93 аялдама сырланды. Экологиялық акцияға мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйым өкілдері, кәсіпкерлер мен еріктілер және ауыл тұрғындары қатысты.

Әзизхан Исмаилов, Қазығұрт ауданының әкімі:

Республикалық және облыстың маңызы бар жол бойында тазалық жұмысы, елді мекендерде, көпшілік орындарда ағаш, гүл көшеттерін отырғызу, қоқыстан тазарту, әктеу, сырлау сынды жүйелі жұмыстар жүргізілді. Мұның баршасы отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан шаралар.

Есіл өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды 

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ақмола облысында да жалғасты. Еріктілер, жастар мен өңір тұрғындары Есіл өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты. Көпшілік суға шомылатын жағажай аумағы да ретке келтірді. Алдағы күндері тарихи, мәдени ескерткіштердің айналысы абаттандырылмақ.

Хабарламаларға жазылу