Алматы-Ташкент-Термез тасжолы жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы-Ташкент-Термез тасжолы жабылды

16.02.2023

«Алматы-Ташкент-Термез» жолының екі учаскісінде көліктің барлық түріне жүруге шектеу қойылды. Себебі Жамбыл және Түркістан облысында ауа райы күрт өзгеріп, қар-аралас жаңбыр жауған. Салдарынан жүздеген жүк көлігі жолда қалып, автобанның ашылғанын күтіп тұр. Мамандар ауа райы алдағы 2-3 күнде де нашар болатынын ескертіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу