«ЕУРО-2024»: Ширек финалға шыққан алғашқы төрттік белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ЕУРО-2024»: Ширек финалға шыққан алғашқы төрттік белгілі болды

01.07.2024

Германиядағы доп додасы қыза түсті. Командалардың енді қателікке мүмкіндігі жоқ. Ширек финалға шыққан алғашқы төрттік те белгілі болды. Кешегі ойындар қалай өтті? Еурокубоктан ақпарат таратуға барған әріптесім Шерхан Жамбылұлының материалы

Шерхан Жамбылұлы, тілші:

Англия алпыс жылдан бері халықаралық жарыстарда топ жармай келеді. Ал, Словакия өз тарихындағы алғашқы ширек финалға өтуді көздейді. Бүгін қос құрамаға да жанкүйерлер қызу қолдау көрсететіні анық.

Ағылшындар жанкүйерлердің ыстық ықыласына қарамастан бірінші болып гол жіберіп алды. 25 минутта словактар алға шықты

Саутгейттің шәкірттері 90 минут бойы қарсылас қақпасынан саңылау таба алмады. Тек төреші қосқан уақыттың соңғы сәтінде Джуд Беллингем қайшылап теуіп, есепті теңестірді.

Экстра таймда Харри Кейн гол соқты. Англия әупірімдеп жүріп ширек финалға шықты.

Ал, биылғы жарыстың басты жаңалығы Грузия құрамасы фавориттерден еш қорықпайтынын көрсетті.

Дегенмен, азулы Испания құрамасы өз мықтылығын дәлелдеді. Есеп 4:1.

Осылайша келесі кезеңде Англия мен Швейцария және Германия мен Испания кездеседі.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу