«Қазақстан барысы – 2015». 1/8 финалға шыққан палуандар есімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан барысы – 2015». 1/8 финалға шыққан палуандар есімі белгілі болды

04.07.2015
«Қазақстан барысы – 2015». 1/8 финалға шыққан палуандар есімі белгілі болды

Павлодарлық Арман Махамбетов қарағандылық Ержан Шынкеевпен белдеседі.

Алматы облысының палуаны Александр Касачев қызылордалық Руслан Әбдіразақовпен кездеседі.

Атыраулық палуан Табиғат Мағауияұлы қарағандылық Асыл Барменовпен бозкілемге шығады.

Оңтүстікқазақстандық Жұманазар Ерсұлтанов ақтөбелік Шыңғыс Шоқпытовпен күреседі.

Шығысқазақстандық Талғат Әмренов пен қостанайлық Ерлан Омаров белдеседі.

Қостанайлық Максим Гербер елордалық Ғани Сейділдаевпен кездеседі.

Қызылордалық Нұрым Сәлімгереев жамбылдық палуан Айбол Айтбекпен күш сынасады.

Жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев шығысқазақстандық Мұхит Тұрсыновпен бозкілемге шығады.

Хабарламаларға жазылу