Ақтөбедегі спорт мектебіне бәйге аттардың орнына қарапайым жылқыларды әкелген кәсіпкерге қатысты сот шешімі шықты. Енді ол он екі жарым миллион теңгені кері қайтаруы керек. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне көкпарға машықтанған 12 ат алынуы керек болған.
Алайда, арада бір жыл өткенде, олардың талапқа сай келмейтіні анықталды. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, кәсіпкерді сотқа берді. Бірінші инстанцияда кәсіпкердің пайдасына шешім шығарылған. Алайда, аудиторлар аппеляциялық сот, әкелінген бес аттың тиісті құжаттары болмағанын анықтады.
Жақсыбек Кемал