Қазақстандықтардың 17 пайызы дәстүрлі медицинаны қолдайды. 40%-і жалпы сенеді, қалғаны күмәнмен қарайды. Халықаралық зерттеу нәтижесі осыны көрсеткен. Жоба авторлары адамның психологиялық денсаулығы, сырт келбетіне қанағаттануы мен өз-өзіне көңіл бөлуі сынды тақырыптарды қозғаған. Сауалнамаға әлемнің 23 елінен 46 мың респондент жауап берген. Қазақстан халықаралық зерттеуге осымен үшінші жыл қатысып отыр.
Аида Ахметбек