VIII «Азия балалары» ойындары: Алғашқы алтын қоржында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

VIII «Азия балалары» ойындары: Алғашқы алтын қоржында

27.06.2024

8-ші «Азия балалары» ойындарының алғашқы алтыны қоржынға түсті. Ресейдің Якутск қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыста жас самбошы Әбіш Пердалы бірінші орынға ие болды. Ал оның командаластары Оңталап Сағындық, Балнұр Дастанқызы, Айнұр Мукарам және Рәсім Базарбай қола медаль иегері атанды. Бүгін самбошылар тағы 6 салмақ бойынша жүлдеге таласады. Алдағы күндері ел намысын 21 спорт түрінен 200-ден астам өреніміз қорғайды.

Әбіш Пердалы, VIII «Азия балалары» ойындарының алтын медаль иегері, самбошы:

Бүгінгі жарыста үш схватка бердім. Үшеуі де өте жақсы өтті. Финалдық кездесуде орыс балалармен кездестім, 1:0 есебімен жеңіске жеттім. Мен Қазақстан құрамасына алғаш алтынды салдым бүгінгі күнде. Өте қуаныштымын. Командамызға сәттілік тілеймін. Алтын жүлде алуларына тілектеспін.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу