Тасқыннан зардап шеккен аймақ балалары саяхатқа аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан зардап шеккен аймақ балалары саяхатқа аттанды

27.06.2024

Солтүстік Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары саяхатқа аттанды. Жасөспірімдерге 12 күнге жолдама берілді. Балалар «Туған елге саяхат» жобасы аясында Қазақстанның ең әдемі шаһарлары мен Бурабай курорттық аймағына сапар шегеді. Экскурсияға қатысушылары Астана, Алматы, Тараз, Түркістан, Байқоңыр қалаларындағы тарихи орындармен танысады.

Бауыржан Риза, оқушы:

Осы жылы мен «Балдаурен» лагеріне барғанмын. Әр облыстан 10 баладан алынды. Ал қазір 7 қалаға барамын. Мен экскурсияға жаңа достар табу үшін бара жатырмын, жаңа эмоция алу үшін.

Эльмира Кәленова


Хабарламаларға жазылу