Солтүстік Қазақстанда тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде тегін оқи алады.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен 10 білім гранты бөлінді. Сонымен қатар Шымкент шаһардан Қызылжар қаласына 20 тонна гуманитарлық жүк жетті. Азық-түлік, киім-кешек, төсек орын, дәрі-дірмек сынды тұрмысқа ең қажетті заттар тасқыннан зардап шеккен отбасыларға таратылады. Бүгінгі күнге дейін 4 мыңнан астам отбасы гуманитарлық көмек алған.
Тоғжан Қожалы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі:Шымкенттік кәсіпкерлер теріскей халқына көмек көрсету үшін 45 млн теңге жинады. Оның 10 миллионы білім гранттарына бөлінді. Қалған сома тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуге жұмсалды.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тасқыннан зардап шеккен отбасылардың балалары Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде тегін оқи алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/193811/)