Е.Қошанов: Мәжіліс 100 заң қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е.Қошанов: Мәжіліс 100 заң қабылдады

26.06.2024

28 маусым яғни жұма күні Парламент каникулға кетеді. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында төраға Ерлан Қошанов мәлімдеп, төменгі палата депутаттары жұмысының нәтижесіне қысқаша тоқталды. Оның айтуынша, осы сессияда мәжіліс 100 заңды қабылдады. Соның ішінде әрбір үшінші заңға депутаттар бастамашылық еткен. 39 жалпы отырыс өтіп, 300-ден астам мәселе қаралды. Сондай-ақ Мәжіліс Президенттің саяси реформаларын ілгерілетуге бағытталған заңдар топтамасын қабылдады, - деді Қошанов. Олар сот жүйесі мен адам саудасына қарсы заңдар. Әрі қоғамды алаңдатып келген өткір мәселелер – халықтың шамадан тыс кредит алуы, әйелдер мен балалар қауіпсіздігі мен лудомания мәселелері заңнамалық тұрғыдан реттелді, - деді Мәжіліс төрағасы.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Депутаттар Мемлекет басшысының үшінші Ұлттық құрылтайда айтылған заңнамалық бастамаларын да іске асырды. Атап айтқанда, вейп таратуға қарсы, бірегей тарихи объектілерді қорғауға арналған заңнамалық шаралар қабылданды. Вандализм үшін жауапкершілік күшейтілді. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу