Түркістан облысында балабақшаның бүлдіршіндері жаппай уланып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында балабақшаның бүлдіршіндері жаппай уланып қалды

26.06.2024

Түркістан облысының Келес ауданында бүлдіршіндер жаппай уланып, ауруханаға түсті. 2 мен 3 жас аралығындағы балалар балабақшада бірінен соң бірі құсып, бастары айналып, әлсіздік белгілермен және дене қызуы көтерілген соң қызметкерлер жедел жәрдем шақыртқан. Ауруханаға жеткізілген тәрбиеленушілердің 15-не алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйлеріне қайтарылған. Қалған 19 баланың үшеуі жансақтау бөлімшесіне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Алдын ала болжамдар бойынша барлығы балабақшада таңғы асқа ботқа жеп, түскі асқа сорпа ішкен. Қазір Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары мектепке дейінгі мекемедегі сол күнгі астан сынамалар алып, зертханалық тексеру жүргізіп жатыр. Осы жайт бойынша аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады.

Бекарыс Асқарбекұлы, Келес аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Бүгіннен бастап науқастардың жағдайы қалыпты болуына байланысты үйлеріне шығара бастадық. Қазіргі таңда ауруханада жатқаны, инфекцияда үш науқас жатыр. Қалған үш науқастың жағдайы бірқалыпты. Емін алып жатыр.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу