Павлодарда 52 млн теңге айыппұл тіркелген автөкөлік иесі ұсталды. Mitsubishi Outlander көлігін тәртіп сақшылары жедел-алдын алу шарасы кезінде тоқтатқан. Жол ережесін бұзғаны үшін мемлекетке миллиондап қарызы бар көлікті «Кибершериф» мобильді кешені автоматты түрде анықтап берген. Көлік айыппұл автотұрағына қойылды.
Болат Аманбай