«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» директорлар кеңесінің отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» директорлар кеңесінің отырысы өтті

24.06.2024

Мұнай-газ, мұнай химия, энергетика, көлік-логистика, тау-кен саласына қатысты жобалардың жүзеге асырылу барысы қалай? Премьер-министр Олжас Бектенов ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Стратегиялық маңызы бар бастамаларға 27 трлн теңгеге жуықтайтын 44 жоба кіреді. Осы жобаларды жүзеге асыру кезінде 53 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

«Самұрық-Қазына» қоры Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр болатын газ өңдеу зауытын салуды жалғастыруда. Ондағы мақсат – шикі мұнайдан ілеспе табиғи газды ұтымды пайдалану. Үкімет басшысы экономиканы әртараптандыру үшін стратегиялық маңызды жобаларды іске асыруды және сатып алу кезінде отандық өнімнің үлесін 88%-ға дейін арттыруды тапсырды. Биылғы 5 айдың қортындысы бойынша отандық өндірушілермен жасалған келісімшарт өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан.

Ғабит Ұзақбай


Хабарламаларға жазылу