«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» сыртқы қарыздың 8 миллиард долларын өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» сыртқы қарыздың 8 миллиард долларын өтеді

14.04.2020

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» еліміздің сыртқы қарызының 8 миллиард АҚШ доллары көлемін өтеді. Бұл туралы үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді. Оның айтуынша, эпидемияға қарамастан елде мұнай-газ өндірісі тұрақты. Жыл басында өндіріс 5,9 миллион тоннаға жуықтады. Газ тасымалы мен мұнай өңдеу көлемі жоспарлы көрсеткіште. Мұнай, энергетика, уран, телекоммуникация және пошта қызметі салаларындағы кәсіпорындар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ұлттық компанияларда қысқарту болмайды. Айта кетейік, саладағы 307 мың жұмыс орны сақталғанын айтты Ахметжан Есімов.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу