«Ауыл» партиясы алдағы уақытта ресми атауын, саяси бағдарламасын, жарғысын және логотипін жаңартады. Бұл туралы Ақмола облысының Зеренді ауданында өтіп жатқан партияның XXIV сьезінде белгілі болды. Сондай-ақ, жиын барысында саяси ұйымның нәтижелері, алдағы уақытқа жоспары талқыланды. Өткен жылы олар халықпен 120-ға жуық кездесу өткізіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын мәжіліс пен мәслихатта жеткізген.
Серік Егізбаев, «Ауыл» партиясының төрағасы:
Бағдарламамызды түбегейлі қарадық. Сондай бір үлкен өзгерістерді ұсынып отырмыз. Делегаттар қолдайтын болар деп есептейміз. Өте күрделі, маңызды халық үшін тетіктер.