Ұлттық банк: Теңге тұрақты болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк: Теңге тұрақты болады

21.06.2024

Өткен аптадан бері теңгенің долларға шаққандағы бағамы төмендеп жатыр. Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов оның себебін түсіндірді. Әрі бұл қалыпты жағдай,- деді. Курстың құбылуына батыстың Ресейге салған санкциялары әсер еткен жоқ. Ел бюджетінде доллар бағамы 460 теңге шамасында болады деп белгіленген. Ал жыл басында ұлттық қордан жасалған трансферт өте көп болды. Бұл теңгенің нығаюына алып келген. Жағдай тұрақталған сайын бағам өз деңгейіне қайтып келе жатыр, - деді бас банкир.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Валюталық нарықта ұсыныс жоғары ал сұраныс тұрақты түрде болғандықтан доллардың бағамы күшейді. Қазір Үкіметтің республикалық бюджеті жақсаруда. Сондықтан ұлттық қордан трансферттердің осындай көлемде қажеті жоқ. Сондықтан фундаменталдық негіздеріне қайтып отыр. 

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу