Іле Алатау ұлттық паркінен 450 тонна қоқыс шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Іле Алатау ұлттық паркінен 450 тонна қоқыс шығарылды

21.06.2024

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында Алматыдағы Іле Алатау ұлттық табиғи паркінің аумағы қоқыстан тазартылды. КСМ: 200 мың гектар жерді алып жатқан парктен былтыр алты айдың ішінде 395 тонна қоқыс шығарылған. Ал биыл тазалық акциясының арқасында жарты жылдың өзінде демалыс орны 450 тонна қоқыстан тазартылыпты. Парк қызметкерлері техника бара алмайтын аумақтарды жинауға еріктірелердің көмегі көп тиді,-дейді.

Жансая Айтмұхаметқызы, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің экологиялық ағарту және туризм басшысы:

«Таза Қазақстан» акциясының аясында Ұлттық паркке келушілер мен туристердің экологиялық мәдениеті артқанын, сонымен қатар еріктерілердің, белсенділердің, студент, оқушылардың, мектеп орманшылықтарының барлығы тартылғанын «Таза Қазақстан» акциясының өте қажетті дүние екенін айтқым келеді. Сонымен қатар Ұлттық паркте от жағатын 96 арнайы орын жасалды, 100-ге жуық аншлагтар орнатылды.

Дәл осы «Таза Қазақстан» акциясы аясында «AMANAT» партиясының мүшелері мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері «Таза бейсенбі» шарасына белсене қатысып жатыр. Олар қала маңындағы Қостанай тас жолын қоқыстан тазартты. 6 маусымда басталған шараға 30 мыңнан астам адам қатысқан. Үш аптада елдің бірнеше аймағынан 3500 тоннадан астам қоқыс жинады. Акция әлі де жалғасып жатыр.

Әйгерім Ердәулет

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу