Баянауылда курортты аймақ күл-қоқыстан тазартылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауылда курортты аймақ күл-қоқыстан тазартылып жатыр

28.05.2021

Баянауылда туристік маусым келер айдың 15-інен басталады. Қазір курортты аймақты күл қоқыстан тазартып жатыр.

Демалыс орындары мен ауыл-аймақтарды абаттандыруға оқу орындары мен мекемелердің , кәсіпорындардың қызметкерлері жұмылдырылды. Соның нәтижесінде 2 мың 600 тонна қалдық шығарылды. Заңсыз күл-қоқыс төгетін орындарды болдырмау үшін барлығы 534 контейнер қойылмақ.

Фархат Сыздықов,     Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:
Тазарту жұмыстары әлі де жалғасады. Сонымен қатар туристік соқпақтар бар. Солар тазартылуда. Жалпы, қоқыс мәселесі басты назарда

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу