Бангладеште төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Одан елдің солтүстік-батысындағы Силхет аймағындағы жағдай қиындаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұнда су апатынан 800 мыңдай адам зардап шекті. Қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бангладеш метеорологиялық департаментінің хабарлауынша, бұл аймақта жауын ертең де құйып, тіпті кейбір аудандарда лай көшуі мүмкін.
Арыстан Рысбек