Жастарға арналған «Жас Кеңес Сыйлығы» конкурсына өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесі хабаралды. Конкурс күнделікті жұмысы көпшілікке көрінбейтін қоғамның маңызды салаларында жұмыс істейтін жас мамандарға арналған. Жүлделер «Жанқиярлық», «Алтын Жүрек», «Өнеркәсіп», «Болашақ туралы қамқорлық», «Адамгершілік», «Көмек қолы», «Біздің үй» атты номинациялар шеңберінде беріледі. Яғни, кез келген салада еңбек ететін 35 жасқа дейінгі азаматтар үміткер бола алады. Байқаудың жүлде қоры – 14 млн тг. Әр жеңімпазға 1 млн теңгеден бөлінеді.
Әділ Құсманов, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі:
Жас кеңес сыйлығы бұл тәуелсіз премия. Жастарға арналған. Әр жеңімпазға 1 млн береміз. 14 адам таңдаймыз. Мақсат – аудиториямыз құтқарушылар, полиция, өрт сөндірушілер, орта медицина қызметкеркерлері, волонтерлер.