Жастарға арналған бағдарламаларға өтінім қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарға арналған бағдарламаларға өтінім қабылдау басталды

10.10.2023

Жастардың кәсіп бастауына таптырмас мүмкіндік. Мәдениет және ақпарат министрлігі «Zhas Project» жобасы аясында, шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдауды бастады. Оған 20 өңірдің азаматтары қатыса алады. Бөлінген грант саны - 280. Жоба бұған дейін жыл сайын 6 аймақта өтіп тұрған. Биылдан бастап республиканы түгел қамтымақ. Кәсіптік идея мен бизнес жоспарын қалыптастырып, қорғап шыққан азаматтар 1 миллион теңгеге дейін қаржыға ие болады. Бастысы, ол жұмыс қоғамға пайдасын тигізіп, жастарды жұмыспен қамти алатындай ауқымды болу керек- дейді ведомство өкілдері. Бағдарламаға 18 бен 35 жасқа дейiнгi адамдар қатыса алады. Министрлік жүзеге асырып жатқан тағы бір жоба – «Тәуелсіздік ұрпақтары». Екі жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен басталған. Грантқа үміткерлер құжатты 26-қарашаға дейін тапсыра алады. Грант соммасы 3 миллион теңге. Егер азаматтар грантты игере алмаса, оған да шара қолданылады.

Наурызбек Бағдатов, «Түпқараған жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

«Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының операторларымен жасалған келісімшартқа сәйкес қаражатты қайтару немесе қаражатты басқа азаматқа беру жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу