Павлодарда тәрбиеші балаларды ұрған. Балабақшада тексеру басталды. Істі полиция қарап жатыр.
Оқиға №16 балабақшада екі жастағы бүлдіршіндер тобында болған. Бөлмедегі бейнебақылау камерасына түсірілген жазбаны көрген ата-ананың хабарлауынша, тәрбиеші екі күн қатарынан өрескел қылық көрсеткен. Және де ол бір емес, бірнеше баланы бастарынан табақпен ұрыпты. Жұлқұлап, басқа бөлмеге қуып шыққан. Бірақ полиция келгенге дейін бейнетаспа өшірілген.
Гүлбаршын Алтыбасарова, қалалық Білім бөлімінің сектор меңгерушісі:
Бүгінгі күні балабақша директорының міндетін атқарушы денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыз болғандықтан жұмыста жоқ. Тәрбиешілер мен олардың көмекшілері жұмыстан шеттетілді. Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камерасына түсірілген жазбаны сараптамадан өткізіп, сол бойынша жаза қолданылады. Қылмыстық іс қозғалды.
Болат Аманбаев