Оралда автогаз тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда автогаз тапшы

11.06.2024

Оралда автогаз тапшы. Кейбір жанармай құю бекеттерінде ұзынсонар кезек қалыптасты. Бұған Орал-Атырау тасжолының бір бөлігін су басып, ауыр жүк көліктері қозғалысының тоқтауы себеп болып отыр. Сұйытылған отын өңірге Атырау мұнай өңдеу зауытынан Ақтөбе арқылы тасымалданып жатыр. Сондықтан жеткізуде кешігу бар. Мүлдем тапшылық болмас үшін бекеттерде шектеу енгізілген. Облыс бір айда 4 жарым мың тонна автогаз тұтынады. Негізінен Атырау және Ақтөбе зауыттарынан әкелінеді. Алдын ала келісімге сәйкес, осы айда Атыраудан - 1722 тонна, Ақтөбеден - 1188, жергілікті Жайық Мұнай зауытынан 1300 тонна отын жеткізілуі тиіс.

Айбек Рысқалиев, ауыл тұрғыны:

Кезек те жоқ, газ да жоқ басқа жерлерде. Бар жерде бұдан да көп шерет бар. Жанталасып, терлеп-тепшіп кезекте тұрмыз. Ақтөбенің және Атыраудың газы бар ғой. Енді сол Ақтөбеден тікелей әкелуге болмай ма, Атыраудың жолдары бүлінсе, тасқын суға байланысты?! Бар газымызды аямай халықтың қажетіне жаратса дейміз ғой жұртты анда-мында сабылтпай, уақытымызды жоғалтпай.

Бақытжан Ғилымов, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы бөлімінің бас маманы:

Жеткізудегі қиындықтарға байланысты бірқатар жерде автогаз құю стансалары шектеулерге көшті. Сол себепті қазіргі таңда облыстағы жағдайды тұрақтандыру осы бір-екі күн ішінде жоспарланып отыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу