Елімізде сұйытылған газ қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде сұйытылған газ қымбаттауы мүмкін

11.06.2024

Бірінші шілдеден бастап елімізде сұйытылған газ қымбаттауы мүмкін. Энергетика министрі бұйрығының жобасы «Ашық» порталында жарияланды. Көгілдір отын бағасын көтеруге бірқатар себеп бар. Біріншіден, сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндіру құнынан әлдеқайда төмен. Оның үстіне, жыл сайын газды тұтынушы қатары артып барады. Бұл осы отын түрін өндірудің төмендеуіне және өңірлерде газ тапшылығына әкелген. Қазіргі тапшылық шамамен 20-25 %-ға жетеді.

Сұраныс артқан сайын, оны қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту мүмкін емес, - делінген хабарламада. Сарапшылардың болжамынша, биыл ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаға жетеді. Яғни, газ тапшылығы 30-40% болуы мүмкін. Бұйрықтың жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Құжатқа сай, газ бағасы өңірлерге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін өседі. Мәселен, Алматы қаласы мен Алматы, Солтүстік Қазақстан облысында 89 теңге дейін қымбаттаса, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облысында 1 литр газдың құны 59 теңгеге дейін көтеріледі.


Хабарламаларға жазылу