«EURO 2024»: Чемпионаттың басталуына 4 күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: Чемпионаттың басталуына 4 күн қалды

10.06.2024

Футбол мерекесі маусымның 14-і басталып, шілденің 14-не дейін жалғасады. Чемпионат Германияның 10 қаласында өтеді. Ашылу салтанаты маусымның 14-нен 15-не қараған түні Астана уақыты бойынша 23:40-қа жоспарланған.

Қазақстандық футбол жанкүйерлері матчтарды тікелей эфирде «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тамашалай алады. Ойындар қос арнаның сайтымен қоса, BIRGE TV мобильді қосымшасынан да трансляцияланады. Алты құрлық күткен аладоп аламанында көрсетілетін студиялық бағдарламалар, ойындарға шолу мен комментаторлар туралы толығырақ Алуа Маратқызының бейнематариалында.

Хабарламаларға жазылу