Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде жыл сайынғы қайрымдылық жәрмеңкесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде жыл сайынғы қайрымдылық жәрмеңкесі өтті

10.06.2024

Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде жыл сайынғы қайрымдылық жәрмеңкесі өтті. Түрлі елдер ұлттық бұйымдары мен салт-дәстүрін таныстырды. Қазақстандық өнерпаздар да өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді. Әсіресе, Қазақтың күмбірлеген күйі мен Аққу биі шетелдіктерді тәнті етті.

Жәрмеңкеге сондай ақ, қол өнер бұйымдары, ұлттық киімдер мен кәдесыйлар, қазақстандық шоколад пен түрлі тағамдар қойылды. Жиналған барлық қаражат әлемдегі гуманитарлық дағдарыстан зардап шеккендерге жұмсалады.


Хабарламаларға жазылу