Оралда 13 жастағы қыз баланы зорлады деп айыпталғандар сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда 13 жастағы қыз баланы зорлады деп айыпталғандар сотталды

07.06.2024

Оралда 13 жастағы қыз баланы зорлады деп айып тағылған студент пен төрт жасөспірім сотталды. Олар 7,5 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Оқиға былтыр 12 маусымда 9-сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні болған. 15, 16 жастағы төрт жасөспірім, жалдамалы пәтерде 13 жастағы қызды жәбірлеген.

Тергеушілердің айтуынша, олар қызды пәтерге алдап кіргізген. Кейін/ тағы бір студент күдікке ілінді. Қылмыс болған пәтерді соның жалға алғаны анықталды. Бұған қоса, кейбірі ұрлық, бұзақылық жасады және бөтеннің көлігін айдап әкетті деп те, айыпталып отыр. Сотталушылардың туған-туысы бұл айыппен келіспейді. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен, барлығы кінәлі деп танылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Асланбек Дүйсенғалиев, БҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

Кәмелетке толмаған Арман Молдағалиев Қылмыстық кодексінің 187-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен, 120-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылсын. 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Кәмелетке толмаған Бек Нұрмұхан 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Кәмелетке толмаған Бейбарыс Асқар 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Бекнұр Қалқаман 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Кәмелетке толған Рүстем Меңдібеков 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.


Хабарламаларға жазылу