Елімізде вакцина ер балаларға да салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде вакцина ер балаларға да салынуы мүмкін

06.06.2024

Адам попиломасы вирусына қарсы вакцина, болашақта ер балаларға да салынуы мүмкін. Бұл туралы Астанада өткен жатыр мойны обырымен күреске арналған форумда, Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты. Дегенмен, әуелі 11 жастағы қыздарды иммундап, нәтижесін көрген соң шешім қабылдаймыз, - деді.

Айжан Есмағамбетова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер:

Қазіргі кезде жыл сайын 2 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі. Сондай-ақ, жыл сайын 600-ге жуық әйел өкінішке қарай қайтыс болады. Вакцина әлемнің 135 елінде тіркелген. Оның тиімділігін қарасақ: Австралия, Швеция, АҚШ-та 10 жыл бұрын вакцинация басталды. Осы ВПЧ-ның таралуы 90 пайызға төмендеді.

Адам папилломасы вирусының 200-ге жуық түрі бар, оның кемінде 13-і қатерлі ісіктің асқынуына әкеледі. Ал, бұл аурудан сақтанудың жалғыз әдісі – вакцина. Елімізде иммундау/ қыркүйекте басталады.

Ева Ульрика, Пулано - Швеция корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі:

Швецияда адам попиломасы вирусына қарсы екпе 2008 жылдан бастап салынады. Біз бірінші кезекте қыздарға кейіннен ер балаларды вакциналадық. Қазір 20 жастан асқан адамдарды иммундап жатырмыз. Әрине, басымдық қыздарға беріледі. Мұны ата-аналар түсінуі керек. Оларды мейілінше, қауіпті ауру жайлы ақпараттандырған жөн.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу