Олимпиадаға жолдама саны 66-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиадаға жолдама саны 66-ға жетті

06.06.2024

Қазақстандық дзюдошыларға Париж Олимпиадасының 8 жолдамасы бұйырды. Осылайша, лицензия саны 66-ға жетті. Яғни, қазір Ұлттық құрама атлеттері спорттың 20 түрінен квота иеленді. Франциядағы байрақты бәсекеде, татами шеберлері 7 салмақта жүлдеге таласады. Әйелдер - 2, ерлер - 5 салмақ дәрежесі бойынша белдеседі. Одан бөлек, аралас командалық сында бақ сынайды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу