Басты Жаңалықтар Қызылордада мемлекеттік рәміздер ұлықталды

Қызылордада мемлекеттік рәміздер ұлықталды

Қызылордалықтар да рәміздер күнін атап өтті. Салтанатты шарада күштік және құқық қорғау органдарының жеке құрамы сап түзеп, мемлекеттік нышандар ұлықталды.

Рәміздер аллеясына жиналған 500-ге жуық адам патриоттық әндерді шырқап, мерекелік көңіл-күй сезілді. Мұнан соң, сән-салтанатпен көк ту көтеріліп, әр саланың озаттары марапатқа ие болды. Шара соңы мемлекеттік ту ілінген көліктердің шеруіне ұласты.

Әділбек Серікұлы


Бөлісу