Қарағанды қаласының әуежайы мультимодальды аэрохабқа айналады. Жаңа инвесторлардың келуімен «Сары-арқа» әуежайы жүк тасымалын күшейтпек. Қазірдің өзінде әуе айлағы Эквадордан, Бельгиядан және Нидерландтан жүк рейстерін қабылдап, Қазақстан мен ТМД елдеріне жіберіліп жатыр. Одан бөлек, 2000 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады. Мамандардың алдын ала есептеуі бойынша мұндай әуежай мемлекет қаржысына жылына 135 миллион доллар көлемінде салық әкеледі. Жоба қазірден жұмысын бастап, 2030 жылы толық аяқталады деп жоспарланып отыр.
Қазыбек Мақышов, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
Әуежайдың инфоқұрылымын дамыту, ұшу-қону жолағын жөндеу, жолаушылар терминалына жөндеу жұмыстарын жүргізу. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар жоспарлануда. Әуежайда жылына 15 мың тонна жүк жеткізілетін болса, бұл көрсеткішті 200 мың тоннаға жеткізу көзделген.
Жандос Бақытұлы