Петропавл жастары қоқыс жинаудан жарысты.
«Таза жағалау» акциясы аясында Пестрое көлінің жанында орналасқан саябақта сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық шарасына 150-ден астам ерікті қатысты. Үш топқа бөлінген жастар қағаз, пластик пен шыны қалдықтарын жинап, сайысқа түсті. Ұйымдастырушылар мұндай шара болашақта жалғасын табатынын айтты. Келесі кезекте қалалық жағажай ретке келтірілмек. Су тасқынынан кейін облыс орталығынан 3 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Азамат Әнаш, волонтер:
Қоқыс көп, себебі су тасқынынан кейін. Бірінші рет қатысып отырмын, бірінші курс. Бірақ келесі жылдары да осылай волонтерлық көмегімізді көрсетеміз. Тазалық әр адамның өзінен басталады. Әркім өзінен бастауы керек.
Эльмира Кәленова