Гүлмира Сатыбалдының ісі сотта қаралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлмира Сатыбалдының ісі сотта қаралып жатыр

03.06.2024

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша негізгі сот процесі басталды. Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы көлік жүргізушісі Мәди Батыршевке кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру және аса ірі мөлшерде ақша бопсалау бойынша айып тағылған. Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды Астанадағы мекемеден Алматыға жеткізіліп, екінші айыпталушымен бірге сотқа қатысып жатыр. Сот залынан фото-видео таратуға рұқсат жоқ. Сот отырысына жәбірленуші кәсіпкер мен оның екі ағасы қатысып отыр.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу