Заңсыз шығарылған 325 млрд теңге автив, биыл елге қайтарылды. Оның ішінде ақшадан бөлек, акциялар, жер телімдері, Алматы қаласында орналасқан ғимарат пен бағалы зерлерлік бұйымдар бар. Бұл-- Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия мен Бас прокуратура жанынын құрылған комитеттің бірлескен жұмысының жемісі. Айта кетейік, халық еншісінен желінген осы миллиардтарды елге қайтару үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен былтыр заң қабылданды. Сонымен қатар Бас прокуратура жанынан арнайы комитет құрылған еді.